- Главная
- ЖЕТКІЗУ
ЖЕТКІЗУ
Жеткізу
Біз Қазақстан Республикасының барлық аумағына, сондай-ақ жақын және алыс шетел елдеріне жеткізу қызметін жүзеге асырамыз.
Назар аударыңыз: акцияға қатысатын немесе жеңілдікпен сатып алынған тауарларға тапсырыс рәсімделген жағдайда, жеткізу құны тапсырыс сомасына қарамастан таңдалған курьерлік қызметтің тарифтері бойынша сатып алушы тарапынан төленеді.
Жеткізу тәсілдері
Өзініз алып кету
Тапсырысыңызды ADILI фирмалық дүкендерінің бірінен тегін алып кете аласыз. Өзініз алып кету мүмкіндігі тауар карточкасында көрсетіледі.
Дүкен мекенжайлары:
Алматы
* «MEGA Alma-Ata» СОО, Розыбакиев көшесі, 247А, 1-қабат
* «Золотой» ССО, Қабдолов көшесі, 1/3, 2-қабат, 236-бутик
* «FORUM» СОО, Сейфуллин даңғылы, 617, 2-қабат
* «Best Western Plus Atakent Park Hotel», Тимирязев көшесі, 42, 10-корпус, 1-қабат
Астана
* «MEGA Silk Way» СОО, Қабанбай батыр көшесі, 62, 2-қабат
* «MEGA Silk Way» СОО, Қабанбай батыр көшесі, 62, 1-қабат (аралша)
* «Abu Dhabi Plaza» СОО, Сығанақ көшесі, 60/5, 1-қабат
Шымкент
* «Shymkent City Mall» СОО, Байдібек би даңғылы, 362/7, 1-қабат
Атырау
* «Infinity Mall» СОО, Сәтбаев даңғылы, 43А, 1-қабат
Өзініз алып кету тапсырыс расталғаннан кейін қолжетімді болады. Ол үшін тапсырысты алдын ала сайт арқылы рәсімдеп, төлем жасау қажет.
⸻
«Қазпошта» АҚ арқылы жеткізу
Жеткізу сіздің елді мекеніңіздегі «Қазпошта» АҚ бөлімшесіне жүзеге асырылады.
Қазақстан бойынша
* 100 000 ₸ және одан жоғары сомаға тапсырыс бергенде – тегін.
* 100 000 ₸-ден төмен тапсырыстар үшін жеткізу құны «Қазпошта» АҚ тарифтері бойынша есептеледі.
* Жеткізу мерзімі – 2–10 жұмыс күні.
Халықаралық жеткізу
* Тапсырыс сомасына қарамастан ақылы негізде жүзеге асырылады.
* ТМД елдеріне – 5–10 жұмыс күні.
* Басқа елдерге – 10 жұмыс күнінен бастап (баратын елге және пошта қызметінің жұмысына байланысты).
⸻
Экспресс жеткізу
Экспресс жеткізу Алматы, Астана, Шымкент және Атырау қалаларында қолжетімді.
* 100 000 ₸ және одан жоғары сомаға тапсырыс бергенде – тегін.
* 100 000 ₸-ден төмен тапсырыстар үшін жеткізу құны серіктес қызметтің тарифтері бойынша есептеледі.
* Тапсырыс расталған күні жеткізіледі.
* Жеткізу уақыты – тапсырыс расталғаннан кейін 4 сағат ішінде.
* Тапсырыстарды қабылдау және жеткізу күн сайын 11:00-ден 21:00-ге дейін жүзеге асырылады.
* Қызметті «Яндекс Жеткізу» серіктесі ұсынады.
Маңызды: экспресс жеткізу шарттары «Көрпе» санатындағы тауарларға қолданылмайды.
⸻
Стандартты жеткізу
Алматы қаласы бойынша стандартты жеткізуді ADILI компаниясының өз курьерлері «есіктен есікке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырады.
* Жеткізу мерзімі – 2 жұмыс күніне дейін.
* 100 000 ₸ және одан жоғары сомаға тапсырыс бергенде – тегін.
* 100 000 ₸-ден төмен тапсырыстар үшін жеткізу құны қолданыстағы тарифтер бойынша есептеледі.
⸻
Халықаралық жеткізу
Біз әлемнің көптеген елдеріне тапсырыс жеткіземіз.
Егер сіз Қазақстаннан тыс жерде болсаңыз, тапсырыс рәсімдеу кезінде жеткізу елін көрсетіңіз немесе қолдау қызметімізге хабарласыңыз. Біз жеткізу құны мен мерзімін баратын елге қарай жеке есептеп береміз.
Халықаралық жеткізу – ақылы қызмет.
Электрондық пошта:
textileadili@gmail.com